$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда "Наурыз нақыштары" қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті

Алматыда "Наурыз нақыштары" қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті

Наурызнамаға қатысты шаралар легі толастар емес. Алматы көшелерімен Наурыз мейрамына арналған мерекелік керуен жүріп өтті. Сондай-ақ, “Наурыз нақыштары” қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылған.

Көрме-жәрмеңкеде Қазақстанның әр аймағынан келген шеберлер өздерінің матадан, киізден, ағаштан жасалған, жібек жіптермен тоқылған бұйымдарын, зергерлік заттарын, киім-кешек, музыкалық аспаптарын ұсынды. Мұнда қазір бас-аяғы екі жүзге жуық қолөнер туындысы қойылған.

Бақытжан ЕГЕН, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:

Ертоқым, ат-әбзелдерімен айналысамын. Туған әкем өзімнің зергерлік бұйымдармен айналысады. Анам жүннен ши, кеудеше, жилет, комзол тағы басқа жасайды.

Наурызнамаға қатысты шаралардың бірі- Алматының орталық көшелерінің бірінде болған «Стилді этно ауыл» концерттік бағдарламасы. Мұнда киіз үйлер тігіліп, қонақтарға қазақы ас ұсынылды.

Алин САНЖАР, БОСТАНДЫҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бізде наурызнама аясында бүгінгі күнде «Ынтымақ күніне» байланысты осындай шара ұйымдастырылып жатыр. +халыққа танымал өзіміздің салт-дәстүрлеріміз бар. Ауыз тиетін наурыз көже мен бауырсақтарымыз бар.

Элеонора ЫБЫРАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бүгін- наурыз мейрамы. Ақ түйенің қарны жарылған күн. Осындай керемет шарада, керемет мейрамда біз бүгін Бостандық ауданы медициналық ұйымдары бірлестігінің ұлттық дастарханына келіп қалдық. Бүгінгі мейрамдарыңыз құтты болсын. Осы дастарханды қалай дайындадыңыздар. Мәселен, мына құртты, айтып берсеңіз.

Рақмет айналайын! Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын. Қазақ елімізге, Қазақстанға! Дәл қазір столдың үстінде жеті түрлі нәрсе бар. Ас адамның арқауы дейді. Осы құрт-ірімшік туралы айтып кеткім келеді. Құрт-ірімшік бұрыннан келе жатқан қазақтың салты. Таза сүт тағамынан дайындалады. Сүтті алып пісіріп, оны ұйытамыз. Қатық қосып ұйытып, келесі күні оны пісеміз.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жиналған халықтың қарасы көп.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы құтты болсын. Халқымыз тыныш болсын! Заманымыз тыныш болсын!
- Ақ мол болсын! Наурыз мерекесі міне, жаңбырдың ешқандай қолайсыз жағдайына қарамай біздің көңіл -күйіміз өте жақсы.

Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз Думан» мерекелік керуені жүріп өтті. Мерекелік көшке батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы 1000-нан астам адам қатысты. Ақ жаулықты әжелердің шашуы мен ақындардың өлеңі керуен ажарын аша түсті.