Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылады

21.03.2024ж. 20:00
318
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылады

Елімізде өтетін V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 171 күн қалды. Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елордада ойынға қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын кері санақ тақтасын салтанатты түрде іске қосты. Мәжіліс спикері жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны түркітілдес халықтардың ғана емес, әлемнің назарын аударған байрақты бәсеке екенін атап өтті. Айта кетейік, қазақстанда өтетін Көшпенділер ойынына әлемнің 100 елінен өкілдер қатысады деп күтіліп отыр. Қазірдің өзінде 60 елдің келісімі бар. Спорттың 20 түрінен 4 мыңға жуық қатысушы сынға түседі. Ұлы Дала төсін дүбірге бөлейтін мереке бір аптаға созылады. 

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әлемдік көшпенділер ойынын ең жоғары деңгейде өткізу туралы біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелеұлының тапсырмасы бар. Осы көшпенділер ойынын сән-салтанатымен лайықты түрде өткіземіз деген сеніммен бүгін айта аламыз. Осы іс-шараға біздің Мемлекет басшысы ерекше мән беріп отыр. Сондықтан бұл айрықша бәсекеге толы ұлы даланы дүбірлеткен дода болады ғой деп біз ойлаймыз.