Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

СҚО-да мектеп оқушылары қарияны өрттен аман алып шықты

AstanaTV
22.03.2024ж. 16:00
336
СҚО-да мектеп оқушылары қарияны өрттен аман алып шықты

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары егде жастағы қартты өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстағы Шағалалы ауылында көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт болып, 1 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт ерікті өрт құралымының күштерімен жойылған.

Оқиға кезінде өрт болған жерге өрт сөндірушілер келгенге дейін Чаглин орта мектебінің 16 және 17 жастағы оқушылары 68 жастағы азаматты құтқарып қалғаны белгілі болды.

Кейін тілсіз жаудың себебі ретінде жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамаудың салдарынан жалын пайда болғаны анықталды.