$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Ақтауда үйдің шатырынан ер адамның мәйіті табылды

AstanaTV
22.03.2024ж. 21:41
Ақтауда үйдің шатырынан ер адамның мәйіті табылды

Ақтауда үйдің шатырынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 22 наурызға қараған түні болған. Мәйітті 12-шағын аудан тұрғындары тауып алған.

Алдын ала болжам бойынша, адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.

Оқиға орнында полиция мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.