Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Apple акциялары 4 пайызға арзандады

AstanaTV
23.03.2024ж. 08:39
342
Apple акциялары 4 пайызға арзандады

Американдық Apple корпорациясының акциялары 4% - ға арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Бағаның төмендеуіне технологиялық алпауыт компанияға қарсы жүргізіліп жатқан бірқатар сот процестері әсер етті.

Калифорниялық компанияны Мeta, Microsoft, Spotify, x әлеуметтік желісі және Tinder қосымшасы бар Match Group сотқа берді. Кәсіпкерлер iPhone өндірушісінің App Store дүкенінен тыс сатып алулар үшін 27% комиссия алу жоспарына наразы.

 Сондай-ақ, Apple корпорациясына қарсы сот ісін АҚШ Әділет министрлігі мен 16 штаттың билігі жүргізді. Өтініш берушілер Apple-ді елдегі смартфондар нарығын монополиялады деп айыптады.