Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мәскеудегі «Крокус Сити холл» концерт залында атыс болды

AstanaTV
22.03.2024ж. 23:21
457
Мәскеудегі «Крокус Сити холл» концерт залында атыс болды

Красногорск қаласындағы «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды. Қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

«Белгісіз біреулер «Крокус Сити холл» ғимаратына оқ жаудырды. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, оқ автоматтан атылуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы, зардап шеккендер туралы ақпарат анықталып жатыр.