Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Террористер ғимаратта 18 минут болған: Мәскеудегі терактінің хронологиясы жарияланды

AstanaTV
23.03.2024ж. 14:24
765
Террористер ғимаратта 18 минут болған: Мәскеудегі терактінің хронологиясы жарияланды

Мәскеудегі террорлық әрекеттің хронологиясы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz Shot телеграм арнасына сілтеме жасап.

Телеграм-арнадағы мәлімет бойынша, террористер ғимаратта 18 минут болған. 

Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған. 

20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 

Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 

20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған.