Астанада насыбай өндіретін жерасты цехы жойылды.
Астанада құқық қорғау органдарының қызметкерлері рейд барысында 2 тоннадан аса насыбай өнімін тәркілеген.
Полиция департаментінің қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 70-ке жуық дерегін, оның ішінде насыбай өндірісі бойынша жерасты цехтарын анықтаған.
"Рейд барысында Байқоңыр ауданында полиция қызметкерлері насыбай өндіретін цехты тапты. Тәркіленген заңсыз өнімнің жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады. Астана Полиция департаментінің қызметкерлері рейд барысында Омаров және Асан Қайғы көшелерінің қиылысындағы жеке үйде 2 тонна насыбай сақталғанын анықтады. Нәтижесінде заңбұзушыларға 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.