Еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мәскеуге барған. Сирия бойынша Астанада алдағы дүйсенбі, 23-қаңтарда өтеді деп жоспарланған келіссөздер өтеді. Дипломаттардың комментарийлеріне қарасақ, үміттендіретін мәмілелерге келуге негіз бар. Себебі Астана процесіне бірінші рет қарулы оппозия өкілдері қатысады. Сирияның ресми билігі олармен ешқашан бір стол басына отырған емес. Еуропа Одағынан делегация келмек. Ал АҚШ-қа келсек, Трамп әкімшілігі өкілдер жібереді,- деп Мәскеу үміттенеді.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
Астанада өтетін кездесу қазір басты назарда. Бүкіл әлемнің десек, артық емес. Астана платформасында Сирияда бейбітшілік орнатуға бағытталған кездесу ұйымдастыру біз үшін құрмет. Қазір қарқынды дайындық жүріп жатыр. Ұйымдастыру, логистика, протокол дегендей. Біз қатысушылардың тізімін алып жатырмыз. Астанадағы кездесудің сәтті аяқталуы үшін барлық жағдай жасалатынына сендіргім келеді.
Сергей Лавров,
РФ сыртқы істер министрі:
Өкінішке орай, сәуір айынан бері келіссөздер тоқтап тұрған. Қазір басты
талап - процесті қайта жандандырып,маңызды қадам жасап, қарулы оппозиция мен
жерді бақылап отырғандарды бір мәмілеге келтіру. Үкімет пен оппозицияның қандай
шешімге келетіні жайлы айту әзірге, ерте.
Ерлан
Қарин, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:
Басты мәселе - тыныштық орнату. Өзара бітімге келу. Дәл қазіргі ахуалды ескерсек,мақсат
елдегі әскери текетірестің деңгейі мен атыстар қарқынын төмендету болып табылады.
Тек осы жағдайда ғана Сирия дағдарысын шешудің жолдарын қарастыруға мүмкіндік тумақ.
Айта кетсек, Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған
Сирия шиеленісіне қатысты келіссөздерді Астанада өткізуді ұсынған. Нұрсұлтан Назарбаев
бұл бастаманы қолдаған.