Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағылар...«ойнап отыр»... Аңдамай сөйлеген ауырмай...

AstanaTV
21.01.2017ж. 20:00
1550
Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағылар...«ойнап отыр»... Аңдамай сөйлеген ауырмай...

Аптаның ортасында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Данияр Еренчинов өзінің арызы бойынша қызметінен босатылды. Бұл халыққа қызмет көрсету орталықтары бағынатын корпорация. Тіркеуге байланысты «терменің» бір шумағы – өткен аптада жұрттың наразылығы арнасынан асқанда, үкімет басшысы осы мекемені де сынаған етін. «Немен айналысатындары түсініксіз» деген. «Онлайн-режимде неге тіркемейсіздер» деп жекіген. «Бір айдың ішінде сөйтеміз»,- деген Еренчинов. «Бір айда керек болмайды, дүрбелең басылады»,- деген, пермьер-министр. Айтпақшы, артынша уақытша тіркеуге электронды үкімет порталында қою мүмкіндігі туғаны хабарланды. Енді мына роликке назар аударайық - Youtube-те халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің «ойнап» жүргені туралы ролик тарады. Дәлірегі – сондай қарағандылық орталықтың.

Халыққа қызмет көрсету орталығындағылардың иронияға толы ролигі

Бәріне кінәлі қатардағы қызметкерлер болып шығатынына нұсқайтын, мысқылға толы ролик «жетер енді» деген сияқты көрінеді...

Аптаның басында тіркелу үшін кезекте отырған тағы бір азамат көз жұмды. 53 жастағы Жарас Қунтақов есімді. Алматыда. Осыған орай журналистер заңды мақұлдаған депутаттардан «өздеріңізді кінәлі санамайсыздар ма?» деп сұрайды ғой. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов «өлетін адам қай жерде де өледі» деген сипатта әдептен асып сөйледі.  Айтпақшы аптаның ортасында Орталық сайлау комиссиясы осы депутатқа байланысты тексеру бастағандарын ресми сайтында хабарлады. Әлгі сөзіне емес, әрине...«18-қаңтарда ОСК отырысы өтті – "Уральская неделя" басылымында жарияланған «Табысты» деген мақалада келтірілген фактілер расталса, А.Жамалов Парламенттен кетуі мүмкін». Оралда шығатын газетте басылған материалға қарағанда «ЦОН» деген ЖШС/ хқко қатысы жоқ/ және «Гаухар» деген ломбард «депутатқа тиесілі», депутат кәсіпкерлікпен айналысады. Заң бойынша Мәжіліс депутаты кәсіпкерлікпен айналысуға қақы жоқ. ОСК тексерісінің қорытындысы келесі аптада шығады.