Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Жылқы еті қымбаттай ма? Министр жауап берді

AstanaTV
26.03.2024ж. 17:17
995
Жылқы еті қымбаттай ма? Министр жауап берді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жылқы етінің бағасы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл қыста Ұлытау облысында 360 бас жылқы қырылғаны белгілі. Осы ахуалға байланысты жылқы еті қымбаттайды деген болжам айтылған. Алайда, министр ешқандай қымбатшылық болмайтынына сендірді.

Жылқы еті қымбаттамайды. Өйткені, елімізде жылқы шаруашылығы жақсы дамып келе жатыр. 4 млн бастан артық жылқы бар. Сондықтан да жылқы етінің қымбаттамайтыны анық, - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.