Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Моңғол даласын жұт жайлады

AstanaTV
26.03.2024ж. 18:00
10993
Моңғол даласын жұт жайлады

Малдың жайына қанық Монғолияны жұт әбден тығырыққа тіреді,-деп хабарлайды 24.kz.

Былтыр жыл аяғында Моңғолияда қой, ешкі, жылқы және сиырды қосқанда барлығы 65 миллионға жуық бас мал болған. Қыста соның 1 жарым миллионы қырылып қалды. Өйткені аяз 50 градусқа дейін көтерілген. Жалпы елде мұндай жұттың ең ірісі 2010-2011 жылдары болып, 10 млн бас мал қырылса, 2022-2023 жылдары 4 жарым млн мал аязда қатып қалған.

Хосбаяр, малшы: - Бұдан да ауыр кезеңдерді бастан өткердік. Биыл қыс өзінше қатты болды. Өзім бағып отырған 2 сиырымды жұт жұтып кетті. Қазір енді қалғанын жайылымға шығармай, қорада ұстап отырмыз.