Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасарын қабылдады

26.03.2024ж. 20:00
162
Мемлекет басшысы ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасарын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қытай коммунистік партия комитеті хатшысының орынбасары Эркин Туниязды қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы еліміздің Шыңжаңмен сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика мен ауыл шаруашылығы және туризм саласы бойынша табысты қарым-қатынас орнатқанына тоқталды. Ал Эркин Тунияз қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді. Қытай мен Қазақстан арасындағы достықтың тарихы тереңде жатқанын айтты. Жиын соңында Президент Шыңжаң Халық үкіметі төрағасының Қазақстанға сапары өңіраралық кооперация мен шекара маңындағы облыстардың өзара ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.