$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырау облысында белгісіз жыртқыш бір үйдің 20-дан астам қой-ешкісін жайратып кеткен

26.03.2024ж. 20:00
540
Атырау облысында белгісіз жыртқыш бір үйдің 20-дан астам қой-ешкісін жайратып кеткен

Атырау облысында белгісіз жыртқыш бір үйдің 20-дан астам қой-ешкісін жайратып кеткен. Ауыл тұрғындары мұның не аң, не жабайы иттің ісі екенін біле алмай отыр.

Шала-жансар қалғандарын сойып алып жатыр. Ветеринарлар мал болады-ау деген жаралыларын емдеуде. Исатай ауданына қарасты Қамысқала ауылында соңғы бір айдың ішінде 4 отбасы осылай 60 шақты ұсақ малынан айырылған. Белгісіз жыртқыш түн ішінде қораның түбін қазып не секіріп кіріп, жайратып салады. Бірінің қарнын жарып, бірінің тамағын осып, қозыларды тістелеп тастаған. Бір қызығы, ешқайсысын жемеген. Ауыл тұрғындары сілеусінге ұқсас аңды ұстаған. Кейбіреуі иттен келген әрекет болуы мүмкін дейді. Енді халық адамға шаба ма деп қауіптеніп отыр. Малына шығын келген тұрғындарға ауылдастары қаржы жинап көмек берген.

Рафиғат ТӘЖИДЕНОВА, ҚАМЫСҚАЛА ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Ветеринария мамандары, жергілікті құқық орғау мамандары бәрі хабарлы бұл жөнінде. Иттердің шабуылдап отырғанын немесе даладан келіп басқа аң-құстың тиісіп отырғанын әлі күнге дейін анықтай алмай отырмыз.