Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақ үйде жаңа президентті «ұлықтау» рәсіміне дайындық жүріп жатыр

AstanaTV
20.01.2017ж. 20:00
2902
Ақ үйде жаңа президентті «ұлықтау» рәсіміне дайындық жүріп жатыр

Бүгін АҚШ-тың сайланған президентін ұлықтау рәсімі өтеді. Алайда, оның билігіне қарсы шеруге мыңдаған американдықтармен қатар голливуд жұлдыздары да қарсы шықты. Рейтерстің хабарлауынша, қазір рәсімге  дайындық шарықтау шегіне жеткен. Мамандар Трамп өзінің президенттігінің алғашқы күнінде-ақ 200-ге жуық бұйрыққа қол қояды деп отыр. Ал кей өнер жұлдыздары Трампты әжуалап пародия жасады.

Барак Обамамен бірге Ақ үйден 4 мыңға жуық адам кетті. Қазір АҚШ-тың 45-ші президентін ұлықтауға қызу дайындық жүріп жатыр. Алайда, біраз сарапшылар Дональд Трамп АҚШ тарихындағы аты аса мәшһүр болмайтын басшылар қатарында деп есептейді. Бұны құзырлы орындар мәдениетті түрде жекізгенімен, голивуд жұлдыздары көшеге шығып ұрандатты.

Алек Болдуин:

Сақылдаған аязда далада осынша уақыт тұру оңай емес екен, алайда мен төземін. Біраздан соң Ресей елшілігіне баруым керек. Тіпті әжетханаға баратын уақыт жоқ.

Ереуілдер тек АҚШ штаттарында емес, өзге мемлекеттерде де өтті. Лондон тұрғындары Трампты көрші елдер арасына қамал салуға емес, көпір-дәнекер салуға шақырды. Бұл АҚШ пен Мексика арасына қамал салам деген Трамптың сөзіне қарсы пікір  болды.

Алайда Дональд Трамп ереуілдерге елең еткен жоқ. Ұлықтау қарсаңында бірнеше маңызды шараларға қатысқан ол өз өзіне риза. Демеушілер ұйымдастырған кешкі аста командама ешкім тең келмейді дегенді айтып қалды. Қисынсыз қалжыңдары да назардан тыс қалған жоқ.

Дональд Трамп, АҚШ-тың сайланған президенті:

Ұлықтау кезінде ауа райы бұзылып, жаңбыр жауып кетсе де, ашуланбаймын. Бұл тіпті маған пайдалы. Халық менің басымда парик емес, өзімнің шашым екеніне көз жектізеді.

Трамп таққа отырған күні ақ 200-ге жуық құжатқа қол қояды деген жорамал бар. Ал елді 8 жыл басқарған Барак Обама американдықтарға қоштасу хатын жазып, АҚШ-тың 44-ші президенті болу үлкен мақтаныш екенін айтқан. Еске салайық, Вашингтон мен Астана уақытының арасы 11 сағат айырмашылықпен жүреді. Дональд Трампты ұлықтау АҚШ уақытымен күндізгі сағат 12-де басталмақ. 

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ