$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Көзі қисық болса да, көкесі барлар көсем болатын әдеттен қашан арыламыз!», - депутат

AstanaTV
27.03.2024ж. 12:18
2030
«Көзі қисық болса да, көкесі барлар көсем болатын әдеттен қашан арыламыз!», - депутат

Тұрғындар алаяқтық фактісі бойынша арыз жазса да іс қозғалмаған. Халықтың пайдасына шешілген сот шешімі орындалмаған. Осындай да біздің заңдар қарапайым халықтың мүддесін қорғауға келгенде неге қауқарсыз бола қалады? Осылай деп Мәжіліс депутаты Ринат Заитов ІІМ және Антикорға сауал жолдады.

«Ал жауапты органдар кінәні бір-бірінен іздеп, әдеттерінше ақсерек – көксерек ойнап отыр. Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлейтін, Көзі қисық болса да, көкесі барлар көсем болатын әдеттен қашан арыламыз!», - деді депутат.

Депутат үлескерлердің әрекетіне көңілі толмайтынын жеткізді. Жүгенсіз заңсыздықтар мен мыңдаған халықтың естілмей, естілсе де ескерілмей жатқан мұңы бар бұл жағдайды бір жақты қылмаса, іс насырға шабуы әбден мүмкін дейді.

«Мәселенің мән-жайын анықтамақ оймен бір емес бірнеше әрекет жасап көрдік. Халықты ойлап жатқан бірде-бір құзыретті орган көрмедік. Олар халықты ойлауға емес, халықпен ойнауға машыққандай көрінді өз басыма. Ағымдағы жылдың 20-шы наурызында Парламент қабырғасында өткізген дөңгелек үстел де осы сөзімді растады. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша депутаттық сауал жолдаған әріптестерім депутаттар Д. Тұрлыханов пен Д. Мұқаев қа берген жауабында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Скляр мырза «Үкіметтің бақылауында» - деген сүйікті сұйық жауабынан аса алмады. Қашқақтап қағаз шығындай бергенше іске көшіңіздер мырзалар!», - деді Р.Заитов.