Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Көру қабілеті нашар жандарға арналған экрандық диктор жобасы таныстырылды

27.03.2024ж. 20:00
372
Көру қабілеті нашар жандарға арналған экрандық диктор жобасы таныстырылды

Елордада көру қабілеті нашар жандарға арналған экрандық диктор жобасы таныстырылды. Бұл - экранды дыбыстап оқып беретін инновациялық құрал. Құрылғының көмегімен пайдаланушылар веб-беттерді, электрондық хаттарды және құжаттарды оңай түсіне алады. Айта кетейік, елімізде көру қабілеті бұзылған 160 мың азамат бар.

Зият АБДЫКАИМОВ, ЖОБА ТЕСТІЛЕУШІ:

Бұл құралдың қазақ тілінде шыққаны қуантады. Смартфондағы әрекеттерді қазақша дыбыстап тұрады. Шет елдерде бұл экрандық диктор бұрыннан бар. Біздің елде алғаш презентацияланып жатыр. Дауысын және оның тембрін өзімізге ыңғайлы форматта да өзгерте аламыз.

Мақпал ЖҰМАБАЙ, "ТІЛ-ҚАЗЫНА" ҰЛТТЫҚ-ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Мобильдік қосымшаны қолданушы өзінің смартфонына жүктеп алып, бұл оның телефонымен интеграцияланады. Содан кейін, дауыстық жолдары арқылы оған арнайы жол көрсететін болады. Инновациялық жаңалығымыз: азаматтардың ақпараттарға қолжетімділігін ұйымдастырады.