Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Алматы облысында қаржылық сауаттылықты арттыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануға арналған заманауи зертхана ашылмақ

Алматы облысында қаржылық сауаттылықты арттыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануға арналған заманауи зертхана ашылмақ

Алматы облысында қаржылық сауаттылықты арттыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануға арналған заманауи зертхана ашылмақ. Бұл үшін жалпы ауданы 5600 шаршы метрден асатын заманауи оқу ғимараты салынады. Сүлейман Демирил атындағы университеттің аумағында орналасқан нысан алдағы күзде пайдалануға беріледі. Орталықта роботехника, киберқауіпсіздік, спорттық бағдарламалау және машиналық оқыту салаларында AI зертханалары бар freedom spase аймағын ашу жоспарда бар. Озық үлгідегі зертханалар студенттерге теориялық білімді практикада қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кампуста интерактивті қаржылық сауаттылық орталығы болады, бұл жерде студенттер инвестициялау мен трейдингтің негізгі принциптерін үйренеді .

Әлімжан ИГЕНБАЕВ, УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ:
 Ғылыми біздің потенциалымызды арттыруға да байланысты үлкен жаңалықтар енгізеді деген ойдамыз.
Елнұр ӨТЕБАЙ, СТУДЕНТ:

Жаңадан ашылайын деп жатқан блогымызда IT лабораториялар көп болайын деп тұр.Ол тек қана теориялық базада өтетін заттар емес, өзіміздің студенттердің қолынан шыққан стартаптардың отаны болады деген үмітіміз бар.