Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Ұлытау облысы Жаңаарқа жұрты мұнай полигонынан зардап шегіп отыр", - депутат

27.03.2024ж. 20:00
284
"Ұлытау облысы Жаңаарқа жұрты мұнай полигонынан зардап шегіп отыр", - депутат

Ал Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Жұмажанов ауылында қар суы мұнай полигонын басып қалды. Депутат Аманжол Әлтай қарғын су енді Сарысу өзеніне қосылса, табиғатқа зияны тие ме деп алаңдайды. Оның үстіне ауыл халқының тынысын тарылтып, тамағын қырнаған мұнай қалдықтарының жағымсыз иісінен тұрғындарда зардап шегіп отыр деді. 

Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ауа-райының күрт жылынуы себепті кеше сол мұнай қалдықтарын жинақтайтын полигонды су басып кетті. Қар суымен араласқан зиянды мұнай қалдықтары Сарысу өзенінің арнасына құйылса, оның экологиялық залалы үлкен болмақ. Суда жүзген балықтың, жүгірген аңның, жұттан қалған азын-аулақ малдың қырылуына себеп болуы бек мүмкін.