$488.11 €530.09 ₽5.01
×

Атырау облысы тұрғыны әпкесінің атына несие рәсімдеп, кейін өлтірмек болған

27.03.2024ж. 20:00
605
Атырау облысы тұрғыны әпкесінің атына несие рәсімдеп, кейін өлтірмек болған

Атырау облысында туған әпкесінің атына несие рәсімдеп, кейін өлтірмек болған келіншек өзіне-өзі қол салды. Оқиға Құрманғазы ауданындағы алақандай ғана ауылда болған. 49 жастағы әйел әпкесінің телефонымен жасырын түрде екі миллион теңгеге жуық онлайн несие рәсімдеген. Әпкесі мойнында қарызы барын банктен «несиеңізді төлеңіз»,- деп телефон шалғанда ғана бір-ақ біледі. Ал ақшаны қалтасына басқан сіңлісі, мазалап жүрген банк қызметкерлері емес, алаяқтар деп , телефон нөмірін ауыстыруға кеңес береді. Кейін сіңлісі әпкесінің үйіне жасырын кіріп, ұрып-соғып, үйін өртеп жібермек болған. Бауырының әрекетінен аман қалған 56 жастағы әйел құқық қорғау органдарына арызданады. Ісі әшкере болған соң сіңлісі ауылдан бірнеше шақырым қашықтықтағы мал суаратын терең құдыққа секіріп кеткен. Қазір бауырлар арасындағы шым-шытырық оқиғаны аудандық полиция тергеп жатыр.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған деректер бойынша Құрманғазы аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын бастады. Сондай-ақ күдікті өзінің ізін жасыру мақсатында үйінен белгісіз бағытқа кетіп қалып, өз-өзіне қол салған. Ол іске қатысты да «Өз-өзін өлтіруге жеткізу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.