$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО-да төрт ауданның бірнеше ауылы суға кетті

27.03.2024ж. 20:00
645
БҚО-да төрт ауданның бірнеше ауылы суға кетті

Батыс Қазақстан облысындағы бес ауданның бірнеше ауылы суға кетті. 200 үйге су кірген. Бас сауғалаған тұрғындардың қорадағы малын құтқарушылар қайықпен тасып шығарып жатыр.

Жергілікті билік енді тікұшақ алдыртудың амалына кіріскен. Ауа райын болжаушылардың дерегінше, өңірге бір күннің ішінде ылғалдың бір айлық мөлшері түскен. Сырым, Тасқала, Теректі және Қаратөбе аудандарында жағдай қиын. Тұрғындар ауылдағы мектептерді паналауға мәжбүр. Құтқару жұмыстарына Ұлттық ұланның 100-ге жуық жауынгері жұмылдырылған. Қарғын судың кесірінен облыста 500-ден астам үй мен 15 кәсіпорын газсыз қалды.

Қалияр АЙТМҰХАМБЕТОВ, БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

70 үй суға кетті. Күрделі жағдай Қаратөбе ауданында қалыптасып жатыр. Аққозы ауылдық округі, 130 шақты үйі бар, 600-ден астам халқы бар. Сол соңғы ақпараттар бойынша қазір судың астында. Кісілердің бәрін мектеп ғимаратына эвакуация жасап жатыр. Қазір вертолет мәселесі ме, басқа мәселе ме, қазір қарастырамыз қайықпен көшіре ме мысалы.

Қалада да жағдай мәз емес. Техникалық сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев тасқынға дайын болмағаны үшін шаһар басшысына қатаң сөгіс жариялады. Өйткені, қала әкімдігі, қалалық сот, темір жол вокзалы, қазынашылық, облыстық балалар ауруханасы мен мектептің жертөлесіне дейін су кірген.

Фарида, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бізге 22-наурызда сағат 19.15-те үйге су кірді. Содан бері міне алысып жатырмыз. Полдың асты түгел судан толып тұр. Жан-жағымызда су кететін ешқандай арық жоқ. Көмек аз болып жатыр. Су соратын мүмкіндік жоқ.