Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстан ажырасу бойынша екінші орында тұрғаны жалған ақпарат болып шықты

AstanaTV
28.03.2024ж. 16:44
419
Қазақстан ажырасу бойынша екінші орында тұрғаны жалған ақпарат болып шықты

Ажырасу бойынша Қазақстанның әлемде екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі СЖРА Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ажырасу коэффициенті 4.6 тең Қазақстан Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құрады. 2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады – тиісінше 2,56 және 2,54. 2023 жылдың қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады.

Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады. Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді.