Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылордалық полицейлер үш жыл бұрын қарақшылық шабуыл жасаған адамды ұстады

AstanaTV
30.03.2024ж. 07:29
251
Қызылордалық полицейлер үш жыл бұрын қарақшылық шабуыл жасаған адамды ұстады

Қызылорда облысында полицейлер үш жыл бұрын жасалған қылмысты ашты.

Оқиға 2021 жылғы 21 ақпанда болған. Сол күні кешкі уақытта «Шымкент-Самара» тас жолының бойындағы жанармай құю бекетіне бетперде киген белгісіз адам қарақшылық шабуыл жасаған. Кассир мен күзетшіні қарумен қорқытып, ақшаны алып кеткен күдікті бірнеше жыл бойы бой тасалаған.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол Шиелі ауданының 25 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ведомство мәліметінше, тұрғылықты жері бойынша заттай дәлел ретінде қолдан дайындалған қос ұңғылы шолақ мылтық тәркіленді. Күдікті қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.