Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шымкент әуежайы бір айдан астам уақыт бойы күндізгі уақытта жұмыс істемейді

AstanaTV
30.03.2024ж. 08:17
227
Шымкент әуежайы бір айдан астам уақыт бойы күндізгі уақытта жұмыс істемейді

Шымкент әуежайы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында сағат 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді, деп хабарлайды.

Осы уақытта ұшу-қону жолағы жөнделеді.

Әуежай ұшу кестесінің өзгеруіне байланысты жолаушыларға әуежайдың ақпараттық қызметінен рейс туралы мәліметті тексеруді ескертті.

Әуежайға барар жолда да жол жұмыстары жүріп жатыр. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын ала баруы керек.

"Ал кептеліс болмас үшін көліктеріңізді жаңа терминалдың тұрағына қалдырыңыз", - делінген хабарламада.