Сирия
мәселесін тек бейбіт жолмен шешу керек. Ол үшін Астанада барлық жағдай
жасалған. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас
хатшысының Сирия бойынша арнаулы өкілі Стаффан де Мистурамен кездесуінде айтты.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Для
переговорщиков мы создали все условия. Учли пожелание всех участников. Нам остается надеяться, что все стороны
заинтересованы в том, чтобы остановить кровопролитие, которое там происходит
много лет, и обеспечить мир в этом регионе. Как говорят эксперты, с начала
конфликта погибло более 300 тысяч человек. Все это побуждает нас надеяться на
то, что этот вопрос можно решить только мирным путем.
Мемлекет
басшысының айтуынша, Сирия мәселесі Таяу Шығысты ғана емес, бүкіл әлемдік
қауымдастықты алаңдатып отыр. Сондықтан "кездесудің жемісті өткенін
қалаймыз» деді президент. Бұл кездесу Женевадағы бейбіт келіссөздерге дайындық
барысына елеулі ықпал ететінін айтты.
Ал Стаффан де Мистура өз кезегінде
Астанада келіссөздер өткізуге мүмкіндік бергені үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бас хатшысы Антониу Гуттериштің атынан алғыс білдірді.
Стаффан
Де Мистура, БҰҰ Бас хатшысының Сирия
бойынша арнаулы өкілі:
Сіздің
еліңіз халықаралық аренадағы ең күрделі түйткілдерді реттеу ісінде зор тәжірибесін
көрсетіп, үлгі болып келеді. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігі Сирия қақтығысын шешудегі қосымша мүмкіндік
болып саналады.
Саламат ОМАШ