Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қостанайда тасқыннан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден өтемақы төлене бастады

AstanaTV
30.03.2024ж. 18:45
372
Қостанайда тасқыннан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден өтемақы төлене бастады

Өңірде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Қостанай облысының 3 ауданының аумағындағы су тасқынынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады, олар – Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласы.

Өңір әкімі жедел көмек көрсету, барлық мүмкін ресурстарды тарту бойынша нақты тапсырма берді.

«Үйге жарты сағатқа су кірсе де, бұл отбасылар зардап шекті. Ешкім мемлекеттің көмегінсіз қалмауы тиіс» — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

29 наурыздан бастап ТЖ режимі жарияланғаннан кейінгі күні Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы төлем төлене бастады.

Отбасының әрбір мүшесіне 100 мың теңгеден 183 адам төлем алды. Шамамен бір отбасына орта есеппен 500-600 мың теңге бөлінеді.

Барлығы 18 млн теңгеден астам төленді.