Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

СҚО-да Шат өзені тасып, 22 адамды көшіруге тура келді

AstanaTV
30.03.2024ж. 19:24
383
СҚО-да Шат өзені тасып, 22 адамды көшіруге тура келді

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында арнайы қызметтер түні бойы жұмыс істеп, Талшық ауылындағы үйлерді су басуына жол бермеді.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурыз күні түнде Ақжар ауданындағы Шат өзенінің су деңгейі күрт көтеріліп, Талшық ауылының шетінде орналасқан үйлерді су басы қаупі туды.

Жергілікті құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен әкімшілік өкілдері бірлесе іс-әрекет етіп, ауылдағы 6 үйден 22 тұрғынды, соның ішінде 5 баланы эвакуациялады.

Тұрғындардың бір бөлігі ауылдағы мектеп-интернатта орналасқан эвакопунктке жеткізілсе, кейбірі туыстарына кетті. Су басу қаупі бар аймақтан 21 бас мал да шығарылды.

Оқиға орнында 20 адам, 10 техника жұмыс істеді.

Түні бойы атқарылған инженерлік жұмыстың нәтижесінде мұз құрсауы алынып, судың жолы ашылды.

Елді мекенді су басу қаупі жойылды. Таңертең тұрғындар аман-есен үйлеріне оралды.

Ешқайсысына медициналық көмектің қажеті болмады.

Жағдай мамандардың бақылауында.