Кореялық компания
"Центр Кредит банктегі" акциясын саудаға шығаруы мүмкін. Бұл туралы
The Korea Times басылымына сілтеме жасаған Тенгриньюс порталы хабарлады. Ал
әзірге банк басшылығы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Акция сатылымы жайында
ақпарат аптаның соңында жарияланбақ.
Ал банк өкілдері қаржы
институты жұмысын штатты режимде жалғастыратынын мәлімдеді. Бүгін банктің акционерлер құрамынан корейлік
Kookmin Bank үлесін сататыны туралы ақпарат тарады. Kookmin Bank 2008 жылы
Центр кредит банктің 41,9% акциясын 939,2 млрд вонға сатып алған. Корейлік
акционерлерден өзге банктің тағы 10 пайызы халықаралық қаржы корпорациясына тиесілі.
Қалған 25,6% директорлар кеңесінің төрағасы, аталмыш банктің негізін қалаушы
Бахытбек Байсейітовтың меншігінде.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА