Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Алматыда өрт шыққан үйден 9 адам құтқарылды

AstanaTV
01.04.2024ж. 09:00
312
Алматыда өрт шыққан үйден 9 адам құтқарылды

Алматы қаласының Түрксіб ауданында 3 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 1 қабатында өрт шықты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шақырту орнына жеткен соң өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. Үш тізелі баспалдақтың көмегімен 2-ші қабаттан 3 азамат құтқарылды. МӨСБ-4 бөлімшесінің командирі Фархат Ушуров жанып, отқа оранған пәтерден 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматты құтқарды.

Аумағы 25 шаршы метр болған өрт сағат 08:47-де сөндірілді,-деп хабарлайды Қазақпарат.