Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы тұрғындар мәселесін оң шешіп берді

AstanaTV
23.01.2017ж. 20:00
2344
«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы тұрғындар мәселесін оң шешіп берді

Өткен жылы 6 мыңға жуық алматылық әлеуметтік мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалынан көмек сұраған. Оның тең жартысы оң шешімін тапты.

Соның бірі - ауыз су мәселесі. Алатау ауданына тиесілі Қарасу ықшамауданының іргесінен жалғасып салынған жаңа құрылыс өркениеттен ада болыпты. Тұрғындар 8 жылдан бері ішер суын қаладағы туыстарынан тасып, кейбірі тіпті сатып алып ішіпті. Қалтасы жұқарған жұрт өткен жылдың аяғында бас партияның қалалық филиалынан көмек сұраған. «Нұр Отан» партиясының көмегімен бүгінгі күні қиындық артта қалды,- дейді қала тұрғыны Бақыткүл Қасенова.

Бақыткүл Қасенова, қала тұрғыны:

Тұрғаныма 8 жыл болып қалды, су содан бері жоқ. Су тасып іштік осыған дейін. Көрші мына шестойдан немесе мына қаладан, үйге біреу келе жатса, су ала кел дейтінбіз. Осы уақытқа дейін судың қиындығын әбден көрдік, шынымды айтсам. Осы 2016 жылдың декабрь айында "Нұр Отан" партиясына бардым. Осылай-осылай сусыз отырмыз. Көрдім, мына жаз айында су құбырын жүргізіп жатыр екен, соған қосыңыздар дедім. Өтінішімді қабыл алды. «Нұр Отан» партиясына рахмет айтамын, көмектесті мына халықтың мұң-жайына бей-жай қарамай.

Партия араласқан соң жылусыз отырған 8 үйдің мәселесі де шешілді. Осыдан 3 жыл бұрын мердігер компания көгілдір отын құбырын жүргізбек болып, бірақ аяғына дейін жеткізбеген. Тұрғындар мұңын шағып барған соң, көп ұзамай, барлық үйге газ тартылған.

Василий Лысов, қала тұрғыны:

Бұрындары газ баллонға тапсырыс беретінбіз. Көршілеріміз көмір жағып, кімнің қалай шамасы келеді, солай күнелттік. Қазір 8 үйге көгілдір отын берілді. Үйіміздің іші жылып, береке кірді. Халықтың мұң-мұқтажына үңіліп, көмек қолын созуға даяр тұратын бас партияға алғысымыз шексіз.