Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мектептерде оқу жылы қашан аяқталады?

AstanaTV
01.04.2024ж. 11:04
382
Мектептерде оқу жылы қашан аяқталады?

 ҚР Білім министрлігі республика мектептеріндегі оқу жылының аяқталу мерзімі туралы хабарлады.

Таратылған хабарламада қазақ мектептерінде төртінші тоқсанның басталғаны атап өтілді. Ол 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады.

Сондай-ақ төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасы болатыны айтылады.

"25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады",-деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің баспасөз қызметі.

2024 жылы Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.