Елордада заңсыз ішімдік сатқан кәсіпкерлер ұсталды. Рейдті «Дала қырандары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Қымбат алкогольді алуға шамасы жетпейтіндер қолдан жасалған спиртті ішеді. Ал, ол адам денсаулығына кері әсірін тигізеді. 1,5 жыл қатарынан тұтынған тұрғынның көзі көрмей, аяқ-қолы істемей қалуы мүмкін.
Асхат ДІЛМҰХАМЕДОВ, «ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ КООРДИНАТОРЫ:
Бүгін енді қолдан жасалған спиртпен күресіп жатырмыз. "Дала қырандары" деген ұйыммен бірге, ол жастар бірлестігі. Жастарға дұрыс тәрбие, үлкен шаңырақта бәріміз ауыз біршілікпен жиналып, дұрыс бағытта жол көрсету.
Қолдан жасалған алкогольді көп дүкен қымсынбай саудалап жүр. Кәсіпкерлердің өзі оның қайдан, қалай, қашан жасалғанын білмейді. Жапсырмасы жоқ шөлмектің құны небәрі - 500 теңге. Нарықтағы бағадан 3 есе төмен. Елордадағы бір дүкеннің өзінен адам ағзасына зиян 52 бөтелкеге құйылған 26 литр ішімдік тәркіленді.
Сейілхан РҮСТЕМОВ, КӘСІПКЕР:
Арзан болғаннан кейін осыны алады да. Мынаны 2 мың теңгеге кім алады? Ала алмайды. Оған жағдайы жоқ халықтың.