Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде 20 мыңға жуық адам есірткіге тәуелді

01.04.2024ж. 20:00
136
Елімізде 20 мыңға жуық адам  есірткіге тәуелді

Елімізде 20 мыңға жуық адам есірткіге тәуелді. Оның дені- ерлер. Ал 18 бен 29 аралығындағы жастардың- 15%-ы нашақор. Бұл-алаңдатарлық статистика. Әсіресе, жастардың есірткіге елтіп бара жатқанын айтып мамандар дабыл қағады. Оған не себеп? Емделуге келгендермен қандай жұмыстар жүргізіледі? Тілшіміз айтады.

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Басым ауырып барады, не істесем екен?
Сатып алатын ақшам да жоқ, қайдан тапсам екен? Бұл есірткіге тәуелділіктен қалай құтылуға болады?

Бұл- есірткінің ілмегіне ілінген жандардың жанайқайы 52 жастағы Ерлан да сау адамдарша өмір сүруді ұмытқан. Есірткіні 32 жыл бойы қабылдапты. Басыма түскен проблемаларды сонымен ғана жеңуге тырыстым дейді.

Ерлан ҚАЛА, ТҰРҒЫНЫ:

Жоғарғы білімім бар. Ең алғашында опиумнан бастадым, үшінші рет қабылдағанымда тәуелді екенімді түсіндім. Опиумнан соң героин пайда болды, героин дәуірі біткен соң травмадол заманы басталды. Қазір есірткіні таблетка түрінде пайдаланады. Есірткі пайдалану барып тұрған азап. Қазір орталыққа келіп тәуелділікпен күресіп, денсаулығымды қалыпқа келтірудемін.

Ал Даниярдың жасы небәрі 22-де. Есірткіні пайдалануды 18 жасында бастаған. Бұған себеп- өміріндегі қиыншылықтар, ата-анасы тарапынан болған сенімсіздік, сонымен қатар оқу үлгерімінің нашарлауы. Ақшасы таусылғанда ұрлық жасап, түрмеге де түскен.

Данияр ҚАЛА, ТҰРҒЫНЫ:

Мен алғашында жұмыс істейтінмін, үнемі ақшам болатын. Уақыт өте келе жұмыс істеуді қойдым. Есірткі үшін ата-анамнан ақша ұрлай бастадым. Өзіме өзім есеп беруден қалдым, өзгелерден де ақша ұрлай бастадым. 10 айға түрмеге қамалдым. Оңалту орталығына өз еркіммен келдім. Өмірімді жаңадан бастағым келеді.

Мамандардың айтуынша, зиянды өнімнің әр граммы қара нарықта 15-20 мың теңге шамасында саудаланады. Бұл- жастар үшін қолжетімді баға. Қылмыстың бұл түрі көбінесе интернет арқылы жасалады. Ал тұтынушылар арасында 14-15 жастағы оқушылардың кездесуі алаңдатарлық жағдай дейді мамандар. Онан кейін арылғысы келетін көрінеді, бірақ оған ұзақ уақыт керек екенін айтады.

Тоқтар ҚОЙШЫБЕКОВ, ДӘРІГЕР ПСИХИАТР, НАРКОЛОГ:

Психикалық құбылыстарды жою, иа біз оны 1-2 айдың ішінде жойып тастаймыз. Бірақ эмоционалды тұрақсыздық, психикалық тәуелділік адамда ұзақ уақытқа сақталады. Бұл -ең ерте туатын синдром. Және бірнеше жылға дейін созылады. Сондықтан біз бір айдың, бір жарым айдың ішінде соционардағы емнің ол бір жарым ай – 45 күн. Бірақ 45 күн бұл бірінші қадам ғана.

Қазір елімізде нашақорларды емдейтін жеке орталықтар көп. Мұнда емделетіндер наркологиялық есепке алынбайды. Ал мемлекеттік орталықтардың көмегіне жүгінгендердің саны 18 мыңнан асқан.

https://youtu.be/rSsijDsniQ8