Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ұлын құтқармақ болған ер адам көз жұмды

AstanaTV
02.04.2024ж. 08:48
299
Ұлын құтқармақ болған ер адам көз жұмды

Ұлыбртитаниялық турист дауыл кезінде теңізге кетіп қалған баласын құтқармақ болып өзі ажал құшты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Оқиға Маврикийде болған. Суға сүңгіген 49 жастағы ер адам аралдың оңтүстік жағалауындағы Помпонетт лагунасында толқындардың арасына түсіп, ғайып болған. Абырой болғанда оның 15 жастағы ұлы жағаға шығып үлгерген.

23 және 24 наурызда ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Оқиға орнына Жағалау күзеті мен полиция тікұшағы да тартылды. 26 наурызда ұлыбританиялықтың қаза болғаны белгілі болды.