Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылордада адасып қалған 4 жасар бала аман-есен табылды

AstanaTV
02.04.2024ж. 09:28
246
Қызылордада адасып қалған 4 жасар бала аман-есен табылды

Қызылорда қаласында полицейлер көшеге жалғыз шығып, үйінен адасып алған 4 жастағы баланы аман-есен тапты.

Оқиға, 31 наурызда сағат 14:30 шамасында болған. Жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 4 жасар ұлының жоғалып кеткені туралы арызданған.

«Аталған дерек бойынша іздеу шаралары дереу ұйымдастырылды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының барлық жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, баланы іздеуге бағытталды. Баланы барлық жерден іздеген полицейлер, үй маңайындағы барлық жерді тінтіп шыққан. Отбасының жақында тұрғылықты мекен-жайын өзгерткені белгілі болды. Ювеналдық және криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің іс-әрекетінің нәтижесінде кәмелетке толмаған бала табылды. Ол анасына аман-есен тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.