Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Алматыда троллейбус өртенді

AstanaTV
02.04.2024ж. 10:18
242
Алматыда троллейбус өртенді

Алматыда №7 троллейбус өртеніп кетті.

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 2 сәуір күні таңғы сағат 08:04–те екі өрт сөндіру бөлімшесінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы Сәтбаев пен Байтұрсынов көшесінің қиылысына жіберілді.

«3 минутта жеткен сәтте 10 шаршы метр аумақта өртенгені анықталды. Жолаушылар салоннан шығып үлгерген. Отқа оранған троллейбусті сөндіруге дереу сөндіру үшін көбік оқпандары берілді, көлік құралының конструкцияларын салқындатуға бөлек өрт оқпандары берілді», — деп хабарлады ТЖД-да.

Қабылданған шаралармен өрт сағат 08:10–да оқшауланып, сағат 08:15–те жойылды. Зардап шеккендер болған жоқ.