Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Димаштың әнінен кейін қытайлар қазақ тілін үйрене бастады

AstanaTV
23.01.2017ж. 20:00
2557
Димаштың әнінен кейін қытайлар қазақ тілін үйрене бастады

Димаш Құдайбергенов Қытайдағы «Мен әншімін» телевизиялық шоуының алғашқы байқауынан бірінші орын иеленіп, екінші кезеңге дайындығын бастап кетті. Димаштың Қытайды тамсандырған өнеріне кәсіби сарапшылар жоғары баға берген. Бұл туралы әншінің әкесі хабарлады.

Гонконг, Тайвань аралдары, жалпы Қытайға тарайтын танымал телешоуға сахнада ондаған жылдар бойы жүрген тәжірибелі әншілер бақ сынасып жатыр. Бағдарламаның ережесі бойынша бір әнші шетелдік болуы керек. Биыл ол таңдау Димаш Құдайбергеновке түскен. Байқауға қатысушыларға репертуарды жоба қызметкерлері таңдайды. Алдағы уақытта Димаш қазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерінде ән шырқайтын болады. Бұған дейінгі Қытайда өткен "тыңдалым" байқауына барып-келуге Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақ Ұлттық өнер университеті қолдау көрсеткен. Димаштың жобада айтқан әні бір күннің ішінде желіде танымал болып, кейбір қытайлық жанкүйерлер Димаштың ана тілінде сөйлесу үшін қазақ тілін үйрене бастады,-  дейді Қанат Айтбаев.

Қанат Айтбаев, Д. Құдайбергеновтың әкесі:

Кеше бірінші кезеңде Димаш француздың аса күрделі әнін орындап, дауыс беру бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Қытайлық сыншылар да жоғары бағалады. Яғни Димаш келесі кезеңге өтті деген сөз. Алдағы 14 кезеңде Димашқа жеңіс тілейміз. Бірақ қарсыластары осал емес.