Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елде президенттік билік сақталады - Н. Назарбаев

AstanaTV
24.01.2017ж. 20:00
3450
Елде президенттік билік сақталады - Н. Назарбаев

"Әркім өз міндетін орындауы тиіс". Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жайы пысықталған жиында президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Үкімет жұмысының ашықтығы қамтамасыз етіледі,- дей келе, мемлекеттік басқарудағы Парламенттің ролін күшейту керектігін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

В наших условиях Правительство формируется победившей партией или фракциями. Таким образом, должна быть пересмотрена роль Парламента в отношении Правительства. Разрабатывается программа направляется мне и я утверждаю как будто ответственность беру на себя, Парламент должен следить. Разработал программу, утвердил программу Парламенте и пусть выполняет, каждый раз заслушиваем отчеты, каждый раз даем поручение накачки, так не должно быть, каждый орган власти должен заниматься своим делам.

Бағдарламаларды бекіту, үкіметтегі кадрлық ауыс-түйіс мәселесін шешу, жаңадан басқару ұйымдарын құру сынды бірқатар міндеттер Үкімет пен Парламенттің құзырына берілуі мүмкін. Ал жұмыс тобы "отандық және шетелдік" тәжірибелерді назарға алып, Конституцияға 40-қа жуық түзету енгізуді ұсынған. Айта кетейік, биліктің өкілеттіктерін бөлу туралы бастаманы президент көтерді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Тікелей жүйе, тәртіп керек болды, күшті президенттік жүйе болды, енді қазір сол өкілеттіктерді үкіметке, парламентке, президентке бөлуді қарауымыз керек, бұл уақыты жеткен мәселе, ал президенттік билік қала береді, оның күшін біз жояйық деп отырғанымыз жоқ. Бұл Қазақстан үшін өте қажет.