Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақмола облысында мал ұрлығын кәсіп еткент қос азамат сотталды

AstanaTV
02.04.2024ж. 19:29
194
Ақмола облысында мал ұрлығын кәсіп еткент қос азамат сотталды

Астрахан ауданы прокуратурасының үйлестіруімен өңірде ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан екі азамат ұсталды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Бұл адамдар бірнеше ай бойы әдейілеп облыс аумағында аялдап, күндіз жайылымда жүрген малды бақылап, түнде қолды қылып жүргені анықталды. Ұрлық жасаған қос азаматтың заңсыз әрекеттері салдарынан Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарының 8 тұрғыны зардап шеккен.

Аудандық сот аталған тұлғаларды мал ұрлығы бойынша (ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі) кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ екі азаматтың біреуіне тиесілі қылмыс құралы болып танылған «УАЗ» маркалы автокөлігі тәркіленді.

Мал ұрлығы ауылдық мекендер үшін бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. Аталған қылмыс түрімен күрес жүргізу үшін облыстың барлық құқық қорғау органдары жұмылып отыр.