Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Бүгін- Дүниежүзілік аутизм мәселесі бойынша ақпарат тарату күні

02.04.2024ж. 20:00
253
Бүгін- Дүниежүзілік аутизм мәселесі бойынша ақпарат тарату күні

Бүгін- Дүниежүзілік аутизм мәселесі бойынша ақпарат тарату күні. Әлемде 67 млн адам аутизмге шалдыққан. Аурудың пайда болу себептері туралы мамандардың нақты байламы жоқ. Бұл дерт ерте анықталмайды. Оның алғашқы белгілері бала 3 жастан асқан уақытта ғана білінеді. Мамандардың айтуынша, бұл аутизмді жеңуде оңалту шараларының ерекше маңызы зор.

Бұл -әлемде толық зерттелмеген дерт ,бала дамуындағы оның ми жүйесіндегі ауыртпалықтың күрделі түрі дейді дәрігерлер. Аутизм "өзім" дейтін мағынаны білдіреді,яғни бала өз әлемімен сыр шертіп,сыртқы құбылыстарды қабылдамайды.

Алмагүл ТАУКЕН, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ, ПСИХИАТР:

Ғалымдардың тексерісіне сенетін болсақ аутизм баланың туар алдында аналардың күйзеліс стресс психологиялық бір өзгерістерге ұшырауынан.Бұл диагнозды негізі психиатрлар қояды басқа ешқандайда маман қоя алмайды.

Аутистермен жұмыс істеу үшін баланың дамуындағы ауытқуларды ерте анықтау өте маңызды. Елімізде аутизмді диагностикалаудың бірнеше түрі бар, солардың бірі америкалықтар ойлап тапқан АДОС жүйесі.

Қымбат ҚАУЫМБЕТОВА, ПЕДАГОГ ПСИХОЛОГ:

Бес бағдарлама бар-Ерте қолдау бағдарламасы,оқыту дағдыларын дамыту сөйлеу дағдыларын дамыту, әлеуметтік өмірлік дағдылар дамыту біреуіне жібереміз.даму деңгейіне байланысты бөліп жібереміз содан кейін сабақты бастап кетеді.

Туа біткен дерттің белгілері екі -үш жаста анықтала бастайды. Ол бала тумысынан томаға тұйық келеді ,тіпті айналадағы болып жатқан істер оны қызықтырмайды.

Гүлнұр БАЙҚАБЫЛ, АТА-АНА:

Менің балам үш жас тоғыз айда,бізге диагнозды бір жас сегіз айында қойды,ең басында мән берген жоқпыз кішкентай ғой әлі сөйлемейді деп, солай енді ерке деп ойлап жүрдік бір жарым жасынан бастап шақырған кезде қарамайтын болды,адамдардың көзіне қарамайтын

Кей мәліметтерге сүйенсек ,аутизм- бұл ауру емес тек психикалық даму мен орталық жүйке жүйенің бұзылуы арқылы сипатталатын құбылыс. Басқа жағынан бала сап-сау тұлға болып саналады.

Айдана ТІЛЕУҚАБЫЛОВНА , ДЕФЕКТОЛОГ:

Ол ауруға жатпайды. Басқа балалардан қарағанда ерекше қабілеті дамыған болады Кейбір бала музыка жағына бейім болуы мүмкін кей бала математика жағынан өзінің жас ерекшелігіне қарамай матиматика жағын толық меңгерген болуы мүмкін.

Леонардо да Винчи, Исаак Ньютон, Альберт Эйнштейн, Моцарттар жетістікке жетуде аутизм кедергі емесін дәлелдеді. Дәл осындай диагноз Билл Гейтсте де бар. Тіпті миллиардер Илон Маскке де дәрігерлер аспергер синдромын қойған.