Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде 700 мыңнан астам адам күйзелісте жүр

02.04.2024ж. 20:00
158
Елімізде 700 мыңнан астам адам күйзелісте жүр

Елімізде 700 мыңнан астам адам күйзелісте жүр. Халықаралық тәуелсіз интернет журналы осындай ақпарат жариялады. Мамандардың айтуынша, бұл -алаңдатарлық жағдай. Расымен де, соңғы уақытта адамдардың жүйкесі жұқарып барады. Бұдан қалай арылуға болады? Тілшімізі Дәрібек Бахытбек зерттеді.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Туййййй, неге сұрай бересіңдер, жоқ мен де, жоқ. Шаршатты бәрі. Осы бір проблема бітпей қойды ғой. Шақшадай басым шарадай болды. Қалай шешсем екен?

Кез келген адамның басында проблема бар екені жасырын емес. Көбісі көрсеткісі келмейді. Ал күйзелістен жеңілу де, жеңу де өз қолыңда.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Енді оны артқа шегеріп тастап көп уайымдамау керек. Сонда ғана өтесін әйтпесе күйзеле берсең кете бересің ары қарай.
- Күйзелістер болады ғой адам өмір болған соң. Өтіп те кетті ғой. Уақытша оның бәрі шыдамдылық, төзімділік керек.
- Проблеманы жеңуге болады ғой. Көбіне сол жақын адамдарың жоғалтқандармен қаржылық, қаржы жағынан қатты қиындық көріп жатқандар деп ойлаймын.

Психологтардың айтуынша, елімізде күйзеліске ұшырағандардың қатары жыл сайын 30%-ға артады. Дені нәзік жандылар дейді. Бұл дерттен ертерек айықпаса соңы ауруға немесе қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.

Сағым НАҒАШЫБАЕВА, ПСИХОЛОГ:

Депрессиядан алдын алу үшін көбінесе жанағы ойларға көп мән бермеу керек. Мазалап жүрген терең ойларға шомлмау керек. Одан кейін тәттілікке, тәуелділікке бармау керек. Дәл осы қазіргі сәттен бастап ол өз-өзіңе мотивация беріп, алдына мақсат қойып өзің жаңа өмірге даярлау керек.

Қазақстан күйзеліс дерті бойынша 180 елдің арасында 93-орында тұр. Соңғы бір жылда 3,5 мыңнан астам адам күйзелістен өзіне -өзі қол салған.