$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбедегі анасы мен ұлының өлімі: Қылмыскерге жаза тағайындалмай қалды

02.04.2024ж. 20:00
611
Ақтөбедегі анасы мен ұлының өлімі: Қылмыскерге жаза тағайындалмай қалды

Ақтөбеде өз пәтерінде өлтірілген анасы мен баласының ісіне қатысты сот үкімі шықты. Екі бірдей адамның өліміне 23 жастағы күдікті кінәлі деп танылды. Бірақ абақтыда көз жұмғандықтан, оған жаза тағайындалмады. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға былтыр наурыз айында болды. Өз үйінде шырт ұйқыда жатқан 37 жастағы әйел мен оның баласын біреу пышақтап, өлтіріп кеткен. Ал 13-тегі қыз ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Тергеу материалдарына жүгінсек, күдікті сол түні сыра ішіп, Жеңіс даңғылы бойында ашық тұрған балконды көрген. Бағалы заттар болса алмақ болып, ұрлық жасау ниетімен пәтерге кірген. Үй иелері шудан оянып кетіп, оларға пышақпен соққы жасаған. Оқиға орнынан қашып кеткен 23 жастағы күдікті артынша ұсталды.Оған үш бірдей бап бойынша айып тағылды. Бірақ тергеу изоляторында ол өзіне-өзі қол жұмсап көз жұмды.