Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

370 мың оқушы бірінші сыныпқа барады

AstanaTV
02.04.2024ж. 22:44
301
370 мың оқушы бірінші сыныпқа барады

Жаңа оқу жылында 370 мыңға жуық қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сәйкес биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. 

Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтілуде, - делінген хабарламада.