Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Ақтөбе облысында 4 су қоймасы салынады

AstanaTV
02.04.2024ж. 23:31
331
Ақтөбе облысында 4 су қоймасы салынады

Ақтөбе облысында 4 су қоймасы салынады. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Министр №18 орта мектепте су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарымен кездесті.

«Кеше су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және оның зардабын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында Мемлекет басшысы бірінші кезекте апаттан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды толығымен өтеуді тапсырды. Жергілікті атқарушы органдар тасқын шығынын бағалайтын арнайы комиссия құрып, жұмысты бастап кетті», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ министр №18 орта мектеп ұжымына облыс тұрғындарына қиын сәтте көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.