Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жойқын жер сілкінісінен 9 адам қаза тапты

03.04.2024ж. 20:00
275
Жойқын жер сілкінісінен 9 адам қаза тапты

Бүгін таңертең Тайваньда қатарынан 3 жойқын жер сілкінісі болды. Тілсіз жау 9 адамның өмірін жалмады, 700-ден астам тұрғын жараланған, 26 ғимарат құлады, 80-ге жуық адам іздестіріліп жатыр. Табиғи апаттың эпицентрі Тайванның шығыс жағалауында орналасқан Хуалиен округінде анықталған. Бұл - Тайваньда соңғы ширек ғасырда болған ең қуатты дүмпу. Зілзала салдарынан аралдағы 90 мыңнан астам үй электр қуатынсыз қалды.

СУ ЧИНГ-ХУЙ, ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ӨКІЛІ:

Ғимараттар құлауы мүмкін. Оған қарамастан, біздің командалар іздеу-құтқару жұмыстарына кіріскен. Біз дүмпулер әлі де болып жатқанын сезіп жатырмыз. Бірақ үйінділердің астында қалған тұрғындарды құтқару бізге маңыздырақ.