Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Алматыда оқушыны өлтіргендер кейін оның әжесіне де қастандық жасамақ болған - Азамат Кемпірбаев

AstanaTV
24.01.2017ж. 20:00
1998
Алматыда оқушыны өлтіргендер кейін оның әжесіне де қастандық  жасамақ болған - Азамат Кемпірбаев

"Алматылық оқушыны өлтірді" деп айыпталғандар Өркен Азаматтың әжесіне қастандық жасамақ болған. Марқұм болған баланың әкесі біздің арна тілшілеріне берген сұхбатында осылай деді. Тапсырыс беруші деп танылған әйелдің балалары Өркеннің әжесінің ізіне  бірнеше күн бұрын түскен. Бірақ оның орайы келмеген. Осылай деген Азамат Кемпірбаев құрбандық ретінде олар баланы таңдаған деп мәлімдеді.

Азамат Кемпірбаев, Өркен Азаматтың әкесі:


Бірініші некесінен туған ұлы мен оның бауырлары менің ізімді аңдыды. Кейін олар менің анамды өлтірмек болды, одан түк шықпады. Енді ұлымды өлтіріп отыр. Ол әйел бәріне сенің шешең кінәлі деді. Ал анам олар аңдиды деп ойламаған, ол менің ізіме түсіп жүр деп ойлаған. Мен қайдан білейін, білгенімде мұндай қайғы болмас еді.