"Құны 350 мың смартфонымды 80 мың тг сатуға мәжбүр болдым". Алматы қаласының тұрғыны осылай деп базынасын жеткізді. Айтуынша, ұялы телефонына белгісіз біреу I cloud дын көшіріп алып, мүлдем жарамсыз етіп тастаған. Жәбірленуші алаяқтың сөзіне еш күмәнсіз сендім дейді. Wһatsap желісіндегі баласымен тұрған фотосын көргенде күдіктенбегендігін айтады. Алаяқтар түрлі әдісті пайдалануға көшкен. Онан сақтану үшін не істеу керек, тілшіміз айтады.
Өркен МЫРЗАБЕК, ТІЛШІ:
Елімізде алаяқтардың құрбанына айналғандар көбейіп барады. Ең өкініштісі әккілердің айласы да өзгеріп отырады. Мәселен бұрындары ұялы телефонға құпия сандар жіберіп, банктегі ақшаңызды суырып алатын болса, қазір телефонның I kloud біліп алып, өзіңізді бопсалайды.
Алматы қаласының тұрғыны Айгерім Раметова ұялы телефонын olx қосымшасы арқылы сатпақ болған. Содан белгісіз біреу қоңырау шалып iCloud-тың мекенжайын өзіне ауыстырып алғысы келетінін айтқан. Егер iCloud менде ашылса, телефоныңызды аламын деп сендірген. Содан смартфонын бұғаттап, ақша бопсалаған.
Айгерім РАМЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мен келісе кетемін ұсынысына. Өзімнің телефоныма сол кісінің I cloud жазамын. Жазғаннан кейін олар өздерінің парольдарын ауыстырып тастады. Сол кезде маған орысша айтқанда вы попали деді мен түсінбеймін. Ешқандай ой болған жоқ алаяқ екенін. Маған сол кісінің жіберген хаттарында препискалардың бәрін жіберді сізде сол кісілердің қатарындасыз деп.
Мамандар қазір алаяқтардың кез-келген әдіс арқылы көпшілікті сан соқтырып жатқанын айтады. Сондықтан белгісіз жіберілген сілтемелерге өтуден сақ болу керек дейді.
Біржан ЕРЕЖЕПОВ, I TI МАМАНЫ:
Көптеген қолданушылар, яғни айфонның қолданушылары көп жағдайларға кездеседі. Яғни сілтемелер арқылы қабылдаған кезде ватсаптан, содан кейін телеграмнан қабылдаған сілтемелерді басқан кезде жаңағы машениктер дейміз ғой солардың арбауына түсіп қалады. Оны алдын алу үшін сілтемелерге өтпеуге кеңес беремін.
Биыл Елорданың өзінде 1085 интернет алаяқтық фактісі тіркелген. Өкінішке қарай, қылмыстың ашылу көрсеткіші көңіл көншітпейді.
Гүлмира ШРАХМЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Интернеттегі алаяқтықтың алғашқы маңызды қадамы хабарлар болу. Биылғы жылы Астана қаласында 1085 интернет алаяқтық тіркелді. Ашылғаны 229. Ашылу пайызы 24 пайызды құрайды.
Өткен жылы қазақстанда интернетке 17,4 млн ұялы байланыс абоненті қосылған. Бір жыл ішінде олардың саны 2,6% өскен. Ғаламторды тұтыну саны артқанымен, қауіптілігі де жоғарылауда.