$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелтілуде

04.04.2024ж. 20:00
943
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелтілуде

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын халқымыз су тасқынының зардабын жұмыла жеңбек. Еліміздің әр өңірінде гуманитарлық көмек қабылдау орындары жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар тілсіз жаудың құрсауында қалған отандастарға қажетті заттар тасып, ерекше белсенділік танытуда. Жанашыр жандармен тілшілеріміз тілдесті.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Астаналықтар игі істен қалыс қалып жатқан жоқ. Біз қазір Әзірет Сұлтан мешітінің жанындамыз. Мұнда су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жиналып жатыр.

Қысылтаяң шақта қол қусырып отыра алмай, жанашырлық танытқан тұрғындардың қарасы көп. Қабылдау пунктінде ығы-жығы. Барлығы қажетті заттарды әкеліп жатыр. 3 ауыр жүк көлігі әп-сәтте тола қалды.

Мадина САПИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мынадай зілзала болғаннан кейін үйде отыра алмай, естіп отырғаннан кейін келіп өзіміздің қолдан келгенше тиын-тебенімізді, заттарымызды беріп жатырмыз Алланың сауаптылығы үшін енді. Лег-легімен келіп жатқан жастар, үлкен кісілер. «Апа, мына тамағымызды өткізейік деп едік, стипендиямыздан алып келдік» дегенде әлі жылағым келіп тұр сол қыздарды көріп. Мың да бір рақмет.

Қажетті гуманитарлық көмек тізіміне тез бұзылмайтын азық-түлік, жылы киім, көрпе – төсек, гигиеналық құралдар, жылытқыштар мен дәрі-дәрмектер кіреді. Қолдан келсе резеңке етік, жаңбыр жамылғылары, құм дорбалары мен су сорғы жіберсе құба-құп.

Серік МҰХАМБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өзіміздің семьямыздан лебіз болсын деп Ораза айында киім-кешек, көмек әкеліп едік. Осындай қиын жағдайда бәріміз бірге болуымыз керек қой. Барша қазақстандықтарды көмек көрсетуге шақырамын.

Мешіттегі қабылдау пунктінен бұған дейін гуманитарлық көмек Қостанай облысына жөнелтілген. Сонымен қатар «Astana jastary» волонтерлар ұйымы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Жұманазар САРДАРХАНОВ, «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ:

Барлық облыстардағы, қаладағы мешіттердің ұйымдастыруымен осындай «Қиындықта ел бірге» деген акция болып жатыр. Жақсылықтардың жаршысы болсақ деген ниетпен осы халық нөсер-көпір атсалысып жатыр. Халықтың аяқ алысы жаман емес, Аллаға шүкір, жақсы.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Бұдан бөлек Астанада тағы 9 гуманитарлық көмек қабылдау орны бар. Қалалық волонтерлік штаб пен қайырымдылық ұйымдары ерекше белсенділік танытып жатыр. Ал алматылықтар игі іске қалай атсалысуда? Әріптесім Элеонора Ыбырайқызы жалғастырады.

Элеонора ЫБЫРАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Иә, Мөлдір, казіргі жағдайды баяндайтын болсам, алматылыктар

су таскынынан зардап шеккен аймақтарға 10 тоннадан астам гуманитарлык көмек жіберді. 6 күннің ішінде 2,5 тоннадан астам киім, 1 тонна гигиеналық кұралдар, 3,5 тоннадан аса азык-түлік пен тұрмыстык заттар жиналған болатын. Көмек қабылдау пунктінін жұмысына қаладағы 30-дан аса волонтерлік ұйымнан 100-ден астам ерікті жұмылдырылуда.

Асен БЕСБАЕВА, БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Осы бугін үлкен автобуспен лык толтырылған киїм-кешек... +Киім-кешек болғанда жылы киїм-кешек. Казіргі нағыз нақты керек заттарды апарайык деп, мінеки, әкелдік. Одан кейін автобусымыз кетті, біраз нәрсе симай калды. Оны тагы бір автобус нетіп, тағы да әкелдік.

Еріктілердің жұмысы қауырт. Қала турғындары мен кәсіпкерлер тарапынан келіп жаткан көмек толастар емес. Алматы халкы өз отандастарына колдауын осылай білдіруде.

Бағдат АНАРБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР ФРОНТ-ОФИСІНІҢ БАСШЫСЫ:

10 тоннадан астам гуманитарлык көмек жиналды. +Бірінші партияны Батыс Қазакстан облысы, Орал каласына жіберіп жатырмыз. Ары карай енді жагдай калай болганына байланысты гуманитарлык комекті мумкін баска калаларга жіберіп калармыз.

Казір мұнда 4 тоннадан астам керек-жарак жиналып тур.Келер аптаға дейін 20 тоннаға жетеді деген болжам бар.

Арман МАНАСОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мунда тосек жабдыктары бар. Жаракат алгандар болса керегі болып калар. Осылай бәріміз бірігіп зардап шеккен жандарга көмек беруте тырысудамыз. Бір-біріне көмектескісі келетін адамдардын барына мен куанамын.

Элеонора ЫБЫРАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Гуманитарлык комек кабылдау аптанын сонына дейін жалгасады.Кабылдау бөлімі таңғы сағат 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Керек-жарактар: азык-тулік, дәрі-дәрмектер мен медициналык кұралдар, киім, тұрмыстык заттардын барлык түрлері.