Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ауыл әкімдері дербес бюджетті басқару курсынан өтеді

AstanaTV
24.01.2017ж. 20:00
2525
Ауыл әкімдері дербес бюджетті басқару курсынан өтеді

Дербес бюджетті басқару үшін ауыл әкімдері арнайы оқу курстарынан өтеді. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді. Жергілікті өзін өзі басқару жөніндегі бастамаға сәйкес ауыл әкімдіктеріне бюджеттен қаржы бөлу туралы заңнама Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданған болатын. Жаңа оқыту жүйесі Мемлекеттік басқару академиясы базасында жүргізілетін болды. Ең алдымен басымдық тұрғындары 2000-нан асатын шағын ауылдарға берілмек.

Ондай елді мекендердің саны республика көлемінде мыңнан асады. Жалпы оқыту курсынан өтетін қызметкерлер саны - 3198. Осылайша сәуір мен шілде айында мыңнан астам ауыл әкімі қаржылық есеп-қисаптың қыр-сырын үйренеді. Депутаттар, жобаны жүзеге асыруда ауылда интернеттің жоқтығы кедергі келтіре ме, деп отыр. Өйткені мемлекеттік сатып алулар секілді кейбір мемлекеттік қызметтер интернет арқылы жүзеге асырылады.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ақмола облысында интернеттің жылдамдығы секундына 1 мегабайтты құрайтын 15 ауыл бар. Шығыс Қазақстанда 13 ауыл ғана. Батыста жоғары жылдамдықты интернет тек 8 ғана ауылда бар. Егер бұл заңнаманы жүзеге асыратын болсақ, жылдам интернет барлық ауылға қажет қой. Бұл жағын қалай шешесіздер?

Сәкен Сәрсенов, ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі:

Біз ауыл әкімдерін спутниктік интернетпен қамтамасыз етеміз. Интернеттің орташа жылдамдығы 2-ден 4 мегабитке дейін жететін болады. Сондай-ақ ұялы байланыс операторлары 2020 жылға дейін 10 мың елді мекенді 4-G интернетпен қамтамасыз ету туралы келісімшартқа отырған.