Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Эйр Астана» Азаматтық авиация комитетінің авиаотынға қатысты мәліметтерінің нақтылығына күмәнмен қарайды

AstanaTV
24.01.2017ж. 20:00
2395
«Эйр Астана» Азаматтық авиация комитетінің авиаотынға қатысты мәліметтерінің нақтылығына күмәнмен қарайды

«Эйр Астана» жетіспеген әуе отынын Ресейден алатын болды. Бұл туралы әуе компаниясының корпоративтік байланыстар бойынша вице-президенті Белла Тормышева айтты. Оның сөзіне сенсек, мәселе отын тапшылығынан туындап отыр.  Отандық нарықта 2017 жылы өндірілетін отынның көлемі 241 мың тонна,  бұл шамамен 38% ға тең.  Осыған орай ұлттық тасымалдаушы авиакеросинді бөлу жүйесінің ашықтығына күмəнмен қарап отыр. «Эйр Астана»  «Қазақэйр» компаниясымен бірігіп энергия көздерін бөлудің тетіктерінің жариялы болуын талап етеді.

2016 жылы елімізде 570 мың тонна əуе отыны тұтынылса, отандық мұнай өңдеу зауыттары азаматтық авиация үшін 155 мың тонна отын өндірген. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 241 мың тонна деп белгіленген.

«Эйр Астана» компаниясы Азаматтық авиация комитетін осы əрекеті арқылы «SCAT»-тың  мүддесін жақтайды деп айыптап отыр. Тормышеваның ақпаратына қарағанда, коммерциялық компаниялар үшін тасымалдаушы ретінде "Петросан" кəсіпорнын бекіткен. Ал осы уақытта ұлттық тасымалдаушы үшін 10 бірдей компания таңдалып, тек солардан ғана авиаотынды сатып алуды ұсынып отыр, - дейді вице президент.

Белла Тормышева, «Эйр Астана» авиакомпаниясының корпоративтік байланыс жөніндегі вице-президенті:


Біріншіден, бұл жасырын жүйе, екіншіден, Петросан неге тек «SCAT» үшін қызмет жасауға тиіс. Біз қалыптасып отырған жағдайға байланысты "Қазақ эйр" мен бірігіп тиісті мәлімдеме жасаймыз. Біздің азаматтық авиация комитетіне екі сұрағымыз бар. Бірінші: отандық жанармайды бөлудің принциптері қандай, ал екінші сұрақ «SCAT» коммерциялық компаниясы үшін тасымалдаушы ретінде "Петросан" таңдап алынған. Бұл ақпараттар тек Азаматтық авиация комитетінің құзырында болу керек. Алайда «SCAT» компаниясы құпия мәліметтерді қайдан алды деген сұрақ туындайды.